Site icon KAZAKBOL

Экстремистік топтардың 163 мүшесі кешірім сұрап, Тәжікстанға оралған

Житель Душанбе Дилшод Джураев - один из тех, кто раскаялся и вернулся из Ирака

Тәжікстан сыртқы істер министрлігі соңғы 9 айда «Ислам мемлекеті», «Ансоруллох» және «Салафия» секілді экстремистік ұйымдардың 163 мүшесі істеген ісіне өкініп, елге оралды деп мәлімдеді.

Тәжікстан СІМ өкілі Кудратулло Гуломов шетелде ислам университеттерінде заңсыз оқып жатқан студенттердің де бар екенін айтты. Тоғыз ай ішінде олардың 68-і еліне қайтарылыпты.

Кудратулло Гуломов министрлік жергілікті тұрғындарға үгіт-насихат жүргізу арқылы экстремистік ұйымдарға алданып кіргендерді елге қайтарып жатыр дейді. Оның сөзінше, халықпен кездесу кезінде, егер азаматтар істеген істеріне өкініп, елге оралса, оларға кешірім жасалынатыны айтылады.

Тәжік билігінің қыркүйек айында жариялаған соңғы мәліметі бойынша, Тәжікстанның 1900 азаматы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қосылып, Сирия және Иранда соғысып жүр.

centralasian.org

Exit mobile version