Site icon KAZAKBOL

Экзит-полл: Тоқаев 82,45 пайыз, екінші орында — «бәріне қарсымын» графасы

«Ашық қоғам» институты 20 қарашадағы президент сайлауының экзит-полл нәтижесін шығарды. Институт мәліметінше, Тоқаев 82,45 пайыз дауыс алған. Ал сайлауға келгендердің 5,2 пайызы «бәріне қарсымын» графасы таңдаған.

Ал «ТК Астана» тапсырысы бойынша «Аманат» партиясының институты жүргізген экзит-полл нәтижесінде Тоқаев 85,52 пайыз алған.

ОСК алдын ала мәліметінше сайлауға дауыс беруге құқылы азаматтардың 68,7% келген.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Астана уақытымен сағат 22:00-де дауыс берушілер тізіміндегі адамдардың 69,43% бюллетень алған. Абай, Түркістан облыстарында сайлаушылардың 80 пайыздан астамы, ал Жетісу, Қызылорда, 81 пайыздан астамы дауыс берген. Басқа өңірлерде көрсеткіш 70-80 пайыз аралығында болса, елдің батысындағы Маңғыстау (66,99%) мен Батыс Қазақстан (68,67%) облысында нәтиже 70 пайызға жетпеген. Астанада 48,60, Алматыда — 28,72 пайыз, Шымкентте 59,79 пайыз сайлаушы дауыс берген.

Источник

Exit mobile version