Site icon KAZAKBOL

Елді шулатқан жұп: Отандық экстрасенс Жұлдыз бен Айқын туралы өз «шындығын» айтты

Айқын жарымен бірге.

Түркия жағажайларының бірінде жазғы демалысын өткізіп жатқан Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидың фотосуреттері көпшілікке мәлім болғаннан бері, желіде қос жұлдыздың жеке өміріне қатысты алып-қашпа әңгімелер тарап кеткен-ді. Біреулер Айқынның өз отбасын тастап, Жұлдызбен отау құрғанын растап жатса, енді бірі, бұның тек «сылдыр сөз» екенін айтып, сүйікті әншілеріне шаң жуытпаумен болды. Осыған орай, белгілі экстрасенс Жігер Садықов Айқынның отбасы туралы айтып берді.

Экстрасенстің айтуынша, қос жұлдыздың арасында ештеңе жоқ, олар тек өнердегі әріптестер ғана.

«Олардың арасында неке тұратындай ешқандай жақын қарым-қатынас жоқ. Яғни, олардан қандай да бір махаббат энергиясын көріп тұрған жоқпын.  Айқын мен Жұлдыз тек өнердегі достар ретінде ғана араласады. Ал, қос жұлдыздың отау құрғаны туралы ақпарат жалған деп санаймын», — деп өз болжамын жасады танымал экстрасенс.


Айқын мен Жұлдыз Өмірғали

Сондай-ақ, ол Айқынның отбасы бар екенін және әншінің отбасы шетелге жиі шығып тұратынын атап өтті.

«Айқынның өз отбасы бар және ол өз әйелі мен балаларын қатты жақсы көріп, құрметтейді. Қазір оның балаларын аналарымен бірге көріп тұрмын және олар шетелге жиі шығады екен», — деді Жігер Садықов.

Exit mobile version