Site icon KAZAKBOL

Еліміздің Батыс аймағына шақырылған жас сарбаздар тұнғыш рет ұрыс қаруынан оқ атты (фото)

Қарулы Күштерімізде қалыптасқан дәстүрге сәйкес әскери бөлімдердегі жас толысымдағы сарбаздардың дайындығы атыс қаруынын атыс жаттығуларын орындаумен аяқталады, бұл құбылыс әскерилердің арасында «күкірт иіскету» деп те аталады. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық жас сарбаздары аталмыш межеден толық құрамда сүрінбей өтті.

 

Ақтау, Бейнеу және Атырау елдімекендерінде орналасқан 25744, 99116 және 41433 әскери бөлімдеріндегі жас толысымдағы сарбаздардың даярлығы жалғасуда. Осы жылдың күзінде шақырылған сарбаздар тұнғыш рет жауынгерлік атыстарын өткізді.

Осы тәжірибелік сабақтың алдында, барлық жас сарбаздармен атыс қаруының сипаттамасы, атыс ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелері қарастырылған теориялық курс өткізілген болатын. Осы күні олар АК-74 автоматынан бастапқы және бірінші оқу-атыс жаттығуларын орындады. 99116 әскери бөлімі жас сарбаздар ротасының командирі аға лейтенант Жандос Мырзахметтің айтуы бойынша, алғаш рет өткізілген атыс қортындысы күтпеген нәтижелерге толы болды. Үздік мергендердің бірі 100 баллдан 95 балл жинаған қатардағы жауынгер Илья Шлыков.

Автоматты алғаш рет қолға алған адам үшін бұл керемет  нәтиже. Біздің сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір. Бүгінгі күні оларға әскери бөлімде барлық жағдай жасалған. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне Қазақстанның барлық аймақтарынан сарбаздар шақырылды және біз олардың істері мен сөздерінен үлкен қызығушылық, ал көздерінені ұшқынды көрудеміз, — дейді рота командирі.

Сонымен қоса, барлау бөлімшелерінің сарбаздары ант қабылдаудың алдында жасанды белестерге толған, ұзақ арақашықтықтан тұратын «барлаушылар соқпағын» өтті. Тактикалық алаңда жеке құрамның жеңіл броньдік техникаға қарсы тұру қабілеттілігі мен психологиялық төзімділікті тексеретін жаттығу қабылданды. Әскерилер бұл нормативті «танкпен басып өту» деп те атайды. Бұл ретте, сарбаздар жертасаға кезекпен орналысып, броньдік техникадан жасырынуы тиісті, кейін үстерінен өткен техникаға граната лақтырып, жаудың тылына шабуыл жасауы тиісті.

«Алыстан қарағанды бұл өте әсерлі жауынгерлік ұрысқа ұқсайды, алайда бұл қарапайым ғана норматив. Жеке қауіпсіздіктері үшін сарбаздар танкіге қарсы оқу гранаталары мен бос патрондарды қолданады. Әр мүмкіндіктен соң,  сарбазға жеке баға қойылады», — дейді жас сарбаздар ротасының командирі капитан Диас Кенесбеков.

Жас сарбаздар әскери істі әскердегі бірінші күнінен бастап оқи бастайды. Командирлер мен тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен, олар әскери техника мен қару-жарақты мамандықтарына сәйкес оқиды. Жас сарбаздардың даярлық бағдарламасында қоян-қолтық ұрысының бастапқы элементтерін меңгеру де қарастырылған. Осы аптада, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары өздерінің дислокацияланған орындарында әскери ант қабылдау рәсіміне келтіріледі.

фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»
фото пресс-службы УКВ регионального командования «Запад»

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

Басқармасыныңбаспасөз қызметі

капитан Рустем  Игисинов

Байланыс: +7-777-641-11-72(Whatsapp)

 

Exit mobile version