Site icon KAZAKBOL

ЕЛОРДАДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елордада төтенше жағдай жарияланды! Бүгін ішкі істер министрінің орынбасары осындай мәлімдеме жасады. Бұған қаладағы қар коллапсы себеп екен. Шаһардан шығар жолдың бәрі жабылып, трассалар ақ ұлпаның астында қалған. Боранның кесірінен әуежайда жолаушылар рейстерін сағаттап күтуге мәжбүр. Ал мектептерде сабақ беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Неше күннен бері әлекке салған ақтүтек боран кеше кешкісін қайта күшіне мінді. Қалада көлік қатынасы қиындап, мектептер мен жоғарғы оқу орындарында сабақ уақытша тоқтатылды. Кей мекемелерде жұмыс уақыты қысқартылды. Бүгін таңнан кешке дейін бұрқасын басылғанымен, қазір қайта қарқын алғандай. Қолайсыз ауа-райына байланысты елордада төтенше жағдай жарияланды.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді және Әділет министрлігіне тіркелді. Қазіргі кезде, қалыптасқан жағдайға байланысты еліміздің Ақмола, ШҚО, Павлодар өңірлерінде комиссияның отырысы жоспарланып отыр. Облыстарда елді мекендерге қатынау қиындап, боран күшейсе, ол жақта да төтенше жағдай жарияланады».

Қаланың ішінде де жол-көлік оқиғалары жиіліген. «Бір тәулікте 85 жол апаты тіркеліп, 3 адам зардап шекті»- дейді мамандар. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

ЕЛЖАН ШҮПЕКОВ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Сергек бойынша, жүргізушілерден сұрақтар келіп түсуде. Стоп-сызықтар мен автобустарға арналған жолақтарды басып кеткені үшін, байқамай қарама-қарсы бетке өтіп кеткендер үшін айыппұл салынбайды. Себебі біз айыппұл жазғанда «Сергектің» арқылы жүргізушінің сызықты басқанын анық көріп, нақты дәлел келтіруіміз керек. Қазіргі жағдайда ол мүмкін емес. Жолақтар қардан көрінбейді».

Мамандардың сөзінше, бүгінде қар айлық нормадан 3 есе асып түскен. Оны қала ішінде үйінділерден-ақ аңғаруға болады. Қала басшылығы коммуналдық мекемелерден бөлек, жекеменшік ұйымдардың техникаларын қар тазарту жұмыстарына жұмылдыруда. Жүргізушілердің сөзінше, мұндай табиғи жағдайларға халық түсіністікпен қарауы керек.

«Такая зима первый раз за 20 лет действительно, не успевают. Есть такое понятие форс мажор, так что надо понять немножко».
«Оң жақтағы мынау Иманова, осы дворлардың ішіндегі қарларды әлі тазартып үлгеріп жатқан жоқ. Көшелерде енді тұрып қап жатырмыз. Көбіне түсесің, біреулерді итерісесің, қардың жаууына байланысты кішкене тазалау жұмыстарын күшейтсе жақсы болар еді».

МЕДЕУ РАЖАНҰЛЫ, «АСТАНА ТАЗАЛЫҚ» МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қала бойынша арнайы жабдықталған қар үйінділері бар. Бүгінгі күні әрбір ауданда бір-бірден, Есіл ауданында үлкен жауын-шашынның салдарынан екі қар полигоны жабылды, яғни олар толық. Өйткені аумақ үлкен әрі қар қалың жауды. Биыл бізге қосымша 24 көше қосылды».

Нұр-Сұлтан әуежайында да рейстер уақытша тоқтатылды. Әуе айлағы түнгі сағат 02:40-тан 14:00-ге дейін жабылып, 57 рейс кешіктірілген.

ЖЕҢІС АХМЕТЖАНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ӨКІЛІ
«Түнде желдің екпіні секундына 15 метрден асқандықтан әуе кемелерін сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді. Және де көру мүмкіндігі шектеулі болды. 01:25 Қазір сағат 14:00-ден бастап барлық рейстер жоспарлы түрде ұшып жатыр».

Қазгидромед мамандарының сөзінше, алдағы тәуліктерде қала аумағында бұрқасын жалғасады. Желдің жылдамдығы секундына 18 метрге дейін артуы мүмкін.

АЛУА САХАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
«Мұндай бұрқасын енді тоқтайды деп ойлаймын. Бүгін және ертең тағы да қар жаууы мүмкін. Бұрқасын болады, Секундына 15-18 метр жел тұрады. 29 қаңтардан бастап жауын-шашын болмайды».

Қаладағы қарды күреу жұмыстарына еріктілер де белсене атсалуысуда. Бүгінгі таңда қалалық волонтерлік штабта 200-ге жуық ерікті жұмыс істеп жатыр. СондаЙ-ақ 2000 адамға арналған волентерлік база құрылған.

ОЛЖАС АСҚАРҰЛЫ. ЕРІКТІ: «Түнгі сағат 12 уақытында инстаграм желі парағынан осы ақпаратты көрдік. Өзіміздің желіде группамыз бар, за рулем астана деген. Сол группада бәріміз бас қосып, сол жерге шықтық. шыққан кезде видимость нөл болды. Машина өте алмай 5 машинамен бардық».

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі жұмыс істеп тұр. Мамандардың сөзінше, алдағы тәуліктерде бұрқасын басылмаса, төтенше жағдай режимі жалғаса береді.

Первый канал Евразия

Exit mobile version