Site icon KAZAKBOL

Эмилия Пума: Тәжік билігі Данғарадағы терактіні зерттеуге ФБР-ді шақырды

Эмилия Пума

Тәжікстан үкіметі Данғарадағы терактіні тергеуге ФБР (Federal Bureau of Investigation — FBI) өкілдерін шақырған. Осылай деп АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Эмилия Пума Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Тәжікстан үкіметі терактіні тергеуге ФБР өкілдерін шақырды, бізге сенім артқандарына разымыз»,- деді Пума.

Душанбеге Тәжікстан мен АҚШ үкіметі арасындағы екіжақты кеңестің жиынына қатысу үшін келген Пуманың сапары велотуристердің өлімі бойынша сот отырысы басталған кезбен сәйкес келді.

Шетелдік туристерге шабуыл 29 шілдеде Хатлон облысы, Данғара ауданында орын алды. Ішінде бірнеше адам отырған жеңіл көлік велотуристерді басып өтіп, кейін көліктен шығып пышақ сұққан.

Шабуылды «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы мойнына алды. Ал Тәжікстан билігі болса Исламның қайта жаңғыруы партиясы мен Иранды айыптайды.

centralasian.org

Exit mobile version