Site icon KAZAKBOL

Эмомали Рахмон Ауғанстандағы тәжіктерге болысты

Встрреча президента Таджикистана Эмомали Рахмона с главой МИД Пакистана Шах Махмудом Курайши, Душанбе, 25 августа 2021 года

Тәжікстан президенті Ауғанстанда барлық елдер мен этникалық топтардың мүддесі қамтылған инклюзивті үкімет құратынына үміт артады. Осылай деп Душанбеде Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайшиді қабылдаған кезде айтты.

Тәжік президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Рахмон Ауғанстанның жаңа үкіметі құрыларда барлық елдердің, өзге ұлттардың, оның ішінде халықтың 46 пайызын құрайтын ауған тәжіктерінің мүддесін есепке алу маңызды деп есептейді.

Сонымен бірге ресми Душанбе тәліптер тарапынан тәжіктерге, өзбектерге және өзге де аз ұлт өкілдеріне жасалып жатқан зорлық-зомбылықты айыптайтынын жеткізді.

Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайши Исламабад та Ауғанстанда инклюзивті үкіметтің құрылуын жақтайды деп, өзге мемлекеттерді бұған белсенді араласуға шақырды. Ол Тәжікстанға бір күндік сапармен барған.

Источник

Exit mobile version