Site icon KAZAKBOL

Эмомали Рахмон Орталық Азиада су тапшы болатынын мәлімдеді

Тәжікстанда 4 маусымда өткен су-климаттық коалиция лидерлерінің үшінші отырысында ел президенті Эмомали Рахмон тау суларының еруінен Орталық Азияда су тапшы болуы мүмкін екенін айтты.

Тәжікстан өндірісі дамыған мемлекет емес. Еліндегі электр энергиясы таудан аққан судан өндіріледі. Соңғы он жыл ішінде климаттың жылуынан Тәжікстанда мыңнан астам мұздық еріп кетті.

Рахмонның сөзінше, егер мұздықтар ери беретін болса, Орталық Азия сусыз қалуы мүмкін. Тәжікстан еліндегі су ресурстарының 4 пайызын ғана қолданады. Қалғаны көрші елдерге кетеді.

2019 жылы жүргізілген зерттеу кезінде тәжік ғалымдары Зеравшан мұздығы соңғы 40 жылда 40 метрге қысқарғанын айтты.

Зеравшан көлі Тәжікстан мен Өзбекстан арасында орналасқан. Оның суын 6 млн адам қолданады. Бұл адамдардың тағдыры да тікелей осы суға байланысты.

Тәжікстан Орталық Азияның жоғарғы жағында орналасқан. Бұл аймақтағы негізгі судың көзі.

Источник

Exit mobile version