Site icon KAZAKBOL

Эмомали Рахмон: Тәжікстанда азық-түлік 13 пайызға қымбаттады

Тәжікстан президенті елде бір жылда азық-түлік қымбаттағанын мойындады. Мемлекет басшысы бұны коронавирус пандемиясымен түсіндірді.

26 сәуірде БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 77-сессиясында сөйлеген Эмомали Рахмон: «Елімізде азық-түлік 13 пайызға қымбаттады. Одан басқа тауарлардың бағасы жыл басынан бері 5,8 пайызға көтерілді, қызмет тарифтері 4 пайызға өсті», — деді.

Тұрғындардың айтуынша, көпшілігі жұмыссыз, тұрақты жалақысыз күн көруге мәжбүр. Ресеймен байланыс әлі толық ашылған жоқ, тұрмысқа қажетті тауарлардың қымбаттауы азаматтарды одан сайын қиналтып қойды.

Бұның алдында кәсіпкерлер азық-түліктің қымбаттауы оларға байланысты еместігін, пандемия кезінде шетелден әкелінетін тауар қымбаттағанын айтқан.

Рахмонның мәлімдеуінше, пандемия кезінде 193 мың жұмыс орны ашылды, салық және несие жеңілдіктері берілді. 2020 жылы жалпы ішкі өнім үш пайызға қысқарған, инфляция 9,4 пайызға жеткен.

Источник

Exit mobile version