Site icon KAZAKBOL

Эмомали Рахмонның бір туысы Даңғарадағы төбелеске қатысқаны үшін іздестіріліп жатыр

Tajikistan -- Khurramshahr, the center of culture in Danghara district, South Tajikistan, 29 March 2014

Тәжік президенті Эмомали Рахмонның бір туысы, «Нахш» алтын өндіру компаниясының басшысы Амриддин Накшов Даңғарадағы төбелеске қатысқаны үшін іздестіріліп жатыр. Накшовтың жеті жақтасы қолға түскен.

Накшов бірнеше жақтасымен бірге 16 мамырда түнде «Мину Фарм» компаниясының қызметкерлеріне шабуылдаған.

Мәліметтерге қарағанда, Даңғарадағы төбелестен он шақты адам жараланған, соның төртеуі пышақталған. Жәбірленушілер арасында Ауғанстанның төрт азаматы бар. Олар Даңғараға келісімге отыруға келген.

Ішкі істер министрлігі төбелеске қатысты ресми мәлімет беруден бас тартты.

Жараланғандар Даңғара және Душанбе қалаларындағы ауруханаларда жатыр. Озоди радиосымен сөйлескен үш куәгер Амриддин Накшовтың «Мину Фарм» компаниясының қызметкеріне шабуылдағанын көрген.

Амриддин Накшов — Тәжікстан президентінің әйелінің туысы.

Источник

Exit mobile version