Site icon KAZAKBOL

Эмомали Рахмонның жиеніне бұзақылық бойынша айып тағылды

Тәжікстанның құқық қорғау органдары «Нахш» алтын кен компаниясының жетекшісі, тәжік президенті Эмомали Рахмонның жиені Амриддин Нахшовқа бұзақылық, оның серіктеріне жылжымайтын мүлікке қол сұғылмаушылықты бұзу айыбын тақты.

Нахшовты қолдаған бірнеше адам 16 мамырда «Фароз» компаниясымен келісім негізінде істеп жатқан «Мину Фарм» компаниясының қызметкерлеріне күш жұмсаған.

Тергеу органдары төбелестен ондаған адамның жараланғанын, оның төртеуі пышақ жарақатын алғанын хабарлаған. Жәбірленушілердің арасында дәрілік шөпті жинау үшін келісім жасауға келген төрт ауған азаматы да болған.

Қол жұмсады деген күдіктілер толық қамауға алынған. Олардың арасында президенттің жиені Амриддин Нахшов та бар. Ол полиция бөлімшесіне өзі келіп, кінәсін мойындаған.

Тәжікстанда «Бұзақылық» бабы бойынша айыппұл төлеу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «Мину Фарм» компаниясының басшысы Сайед Гиёсов Амриддин Нахшовқа дәрілік шөп өсетін жерді беруден бас тартқан соң ұрыс-керіс шыққан. Сайед Гиёсовқа төрт рет пышақ сұғылған.

Амриддин Нахшов Тәжікстан президенті әйелінің жиені. Ол бұрын банкте істеген, қазір алтын өндіретін «Нахш» кенін басқарады.

«Мину Фарм» компаниясы Тәжікстанда дәрілік шөп жасауға рұқсат алған бірден бір компания. Бұл компанияның тәжік президентінің күйеу баласы Шамсулло Сохибовқа қатысы бар.

Источник

Exit mobile version