Site icon KAZAKBOL

ЕО лидерлері бірлесіп Украинаға қару-жарақ жеткізу жоспарын мақұлдады

Еуропа одағына (ЕО) мүше елдердің лидерлері 23 наурызда Брюссельде өткен саммитте алдағы 12 айдың ішінде Украинаға 1 миллион артиллериялық қару-жарақ жөнелту жоспарын бекітті.

ЕО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері бұл жоспарды апта басында мақұлдаған.

«Еуропа одағы ЕО-ға мүше барлық елдердің қауіпсіздік және қорғаныс мүддесін есепке алып, Украинаға шұғыл түрде «жер-жер» классындағы қару-жарақтарды, артиллериялық снарядтарды және зымырандарды жеткізу бойынша келісімді мақұлдайды», — деп жазылған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек онда Ресей агрессиясын тоқтатып, тез арада Украинаның халықаралық қауымдастық тарабынан танылған аймағынан әскерін толық шығару қажеттігін атап өткен.

22 наурызда Украинаға бірлесіп қару-жарақты сатып беру бойынша Еуроодақ келісіміне Испания да қосылатыны белгілі болды. ЕО-ның бұл жоспарына қосылған елдер саны 18-ге жетті.

Источник

Exit mobile version