«Сапат» білім беру мекемелерінің басшысы Орхан Инанды Түркияға жеткізілгенін түрік президенті Pежеп Тайып Ердоған 5 шілдеде халыққа жасаған жолдауы кезінде мәлімдеді.
«Арнайы қызмет өкілдері Орталық Азияның ФЕТО бойынша жетекшісі Орхан Инандыны елге алып келіп, сот өкілдеріне тапсырды. Бұл адам ФЕТО қозғалысының жоғарғы кеңесінің қатарына кіріп, ФЕТО-ның лас ақшасын Орталық Азияға жұмсаған. Басқа террорлық ұйымдармен күрескендей, біз ФЕТО-мен күресуде жалғастырамыз», — деді Ердоған.
Бішкекте жұмыс істеп, Қырғызстан азаматтығын алған тегі түркиялық Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен.
Ресми мәліметтер бойынша, ол Қырғызстан шекарасы арқылы шетелге шыққан емес. Әйелі Рейхан Инанды күйеуін іздеуге көмек сұрап, Түркияның Қырғызстандағы елшілігіне хабарласқанын, бірақ олар қабылдамай қоғанын адвокаты мәлімдеген.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға барған кезде Орхан Инандыны сұрағанын, бірақ Түркия президенті білмейтінін айтты деген.
Рейхан Инанды 5 шілдеде парламент ғимараты алдында жалғыз митингке шыққан болатын.