Site icon KAZAKBOL

Ердоған: Финляндия мен НАТО-ға қатысты Түркияның шешімі Швецияны таңғалдыруы мүмкін

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкара Финляндияның НАТО-ға кіруін қолдап, Швецияның мүшелігіне қарсы болуы әбден мүмкін екенін айтқан.

Кейінгі аптада Түркия мен Швецияның қарым-қатынасы нашарлап кетті. Анкара Стокгольм былтыр НАТО-ға қосылу келісімін орындамауға құлықсыз болды деп айыптайды. Оның үстіне, Швециядағы Құранды өртеу акциясынан кейін сын күшейе түсті.

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіруге былтыр Украинаға соғыс басталғаннан кейін, мамыр айында өтініш берген. Екі көрші мемлекет сыртқы саясатта көп жыл бейтарап болып келген. Енді НАТО-ға кіру келісімін өзара үйлестіруге уағдаласқан.

Ердоған сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде: «Қажет болса, Финляндиядан гөрі Швецияға қатысты шешім басқа болады. Швеция бұл шешімге таңғаралары сөзсіз» деді.

Швецияның НАТО-ға қосылу мүмкіндігіне қатысты сөйлеген Ердоған Стокгольмге Құранды өртеуге қатысты емес, терроризм айыбы тағылған ондаған күрд белсендісін елге қайтаруға қатысты талап қойды.

«НАТО-ға кіргіңіз келсе, бізге сол террористерді беріңіздер» деді Түркия президенті.

Швеция мен Финляндияның НАТО-ға кіруі үшін одақтың барлық мүшесі – 30 мемлекет келісім беруі керек. 28 ел келісім беріп қойды, ендігі қалғаны – Түркия мен Венгрия. Венгрия жақында келісім береді деген мәлімет бар.

Источник

Exit mobile version