Site icon KAZAKBOL

Ернар Айдар жол апаты алдында пиар жасап, жұртты дүрліктірмек болған

Фото: Nur.kz

Танымал әнші Сиви Махмұди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды. Ол НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында әншінің ағасы апатқа ұшырамас бұрын пиар жасап, елдің көзіне көрінгісі келгенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сивидің айтуынша, көктемде Ернар Айдардың апатқа ұшырағанын естігенде таңғалып, ел сияқты уайымдамаған. Себебі ол бұл апатты қолдан ұйымдастырылған қара пиар деп ойлаған. Жұлдыздың бұлай ойлауына аз уақыт бұрын айтқан оның ағасы әрі продюсері Талғаттың сөздері түрткі болған.

«Өтйкені оның алдында ағасы Талғат айтып жүр еді: «бір пиар ұйымдастыру керек еді. Апатқа түсті деп айтамыз ба» деп. Сөйтсек пиар деп жүріп, арты шындыққа айналып кетті ғой», — дейді ол.

Естеріңізге салсақ, көктемде танымал әнші Ернар Айдар жантүршігерлік жол апатына түсіп, ол Алланың құдіретімен аман қалған еді. Бүгінде ол ота жасатып, денсаулығын қалпына келтіруде.Біршама уақыт төсек тартқан әнші аяққа тұрып, өз шығармашылық жоспарларын жүзеге асыруды қолға алған.

Exit mobile version