Көрнекі фото: unian.net
Белгілі болғандай рөлдегі әкесінің есінен танғанын көрген қыз бала бірден көлік тізгінін өз қолына алып, екі адамның өмірін сақтап қалған.
Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен кішкентай жүргізушіні жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері тоқтатқан.
Дәрігерлер әкесінің тізесінде отырып, көлік тізгіндеген қызды көргенде, таңдасын жасыра алмағанын айтуда.
Балақайдың 37 жастағы әкесі дереу ауруханаға жеткізілді. Полиция есін жиған ер адамды қызының өмірін қатерге тігіп, бассыз әрекетке барды деп айыптауда.
Балақайдың өзі болса еш зардап шекпеген.