Site icon KAZAKBOL

Еуропалық сот Навальныйға 40 мың еуро өтемақы өндіріп беру туралы шешім шығарды

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға Мәскеудің оның улануынан зерттеуден бас тартқаны үшін 40 мың еуро өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.

Ақшаны Ресей мемлекеті төлеуі тиіс болған, бірақ оны төлеуден бас тартып отыр.

Навальный 2020 жылдың 20 тамызында улану белгілерімен Омск ауруханасына жеткізілген. Ол кейін Берлинде емделді. Мамандар орыстар өндірген умен уланды деген шешімге келген. Навальный жақтастары бұл үшін Ресей билігі мен арнайы қызметін айыптаған.

Еуропалық соттың шешімі бойынша, Ресей билігі бұл оқиғаны жіті зерттеуі керек болған. Сот оған саяси мотив бойынша қастандық жасалды, арнайы қызметтің қатысы бар деген айыптаулар бойынша дәлел табылмады деп істі тоқтатқан.

Халықаралық міндеттемелерді мойнына алған Ресей Еуропалық соттың талабын орындауы тиіс болған. Бірақ Мәскеу бас тартып отыр.

Источник

Exit mobile version