Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот коммерциялық емес «Тонг Жахони» мгранттарға көмек ұйымының басшысы Валентина Чупикті Ресейден Өзбекстанға депортациялауға тыйым салды. Сот шешімін адвокат Дарья Тренина фейсбутегі парағына жариялады.
Еуропалық сот Чупик ісі бойынша 39-ережені қолданды. Бұл ереже белгілі бір мемлекетке адам өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін әрекетке баруға тыйым салады. 39-ереже көбіне экстрадицияны немесе жер аударуды тоқтату мақсатында қолданылады.
Бұның алдында өзбек еллігінің қызметкерлері Чупик орналасқан Шереметьев әуежайына депортациялау жөніндегі құжаттарды рәсімдеуге келген. Бұл туралы «Настоящее время» телеарнасына Чупиктің көмекшісі Александр Ким хабарлады.
«Валентина Чупик өзбек елшілігінің өкілдері келгенін, олар оны суретке түсіргенін айтты. Сурет төлқұжат рәсімдеуге керек деген. Бірақ біз оған сенбей отырмыз. Оны елге қайтаруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін суретке түсірген деп ойлаймыз», – деді ол.
Чупиктің әуежайда отырғанына жеті күн болды. Ол жұмыс сапарынан оралған. Оны Ресейге кіргізбей қойған. Чупиктің босқын куәлігін алып қойып, елге 30 жыл – 2051 жылға дейін кіруге тыйым салған. Адам құқықтарын қорғаушы оны Өзбекстанға депортациялауы мүмкін екенін айтқан.
Чупик Өзбекстаннан 2006 жылы кетті. Сол кезде ол Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қысымына ұшыраған.