Site icon KAZAKBOL

ФАББИНГ АУРУЫ АЖЫРАСУҒА ӘКЕЛІП СОҒАДЫ

«Фаббинг» деген жаңа дерт шықты. Ол ауру жас-жұбайлардың да шаңырағының шайқалуына себепкер болады екен. Сонда ажырасу санының артуына, фаббинг кеселінің әсері бар ма? Расында, бұл ауру ма, әдет пе тілшіміз тарқатады.

Елімізде гаджеттерге тәуелді болып желіге байланып қалғандардың саны күн санап артып келеді. Зерттеулерге сүйенсек фаббингке әйелдер жиі шалдығады екен. Әрі нәзік жандар дерттен ұзақ уақыт арыла алмайтын көрінеді. Мұның соңы жас отбасылардың ажырасуымен аяқталып жатқан оқиғалар да бар екен. Тіпті ананың да, баланың да көңілі далада болып оларды жалғап тұрған нәзік байланыстың әлсіреуіне алып келеді.

ЕРСІНБЕК АРЫНБЕКҰЛЫ, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Бұл аурудың енді көп зияны бар. Бұның өзі бір-бірінің не істеп не қойып жатқанын білмей яғни баласының қайда тұрып жатқанын, немесе ерінің қайда тұрып жатқанын білмеген. Олармен қарым қатынасқа түспегеннен кейін оның жақсы қасиеттерін бағалау немесе оның артықшылықтарын көре білу азайып кетеді. Яғни табиғи қарым-қатынас сиреп кетеді деген сөз».

Фабберлердің гаджеттер мен әлеуметтік желілерсіз күні жоқтардың түпсанасында маңызды бір нәрседен қалып қою қорқынышы пайда болады екен. Бұл түптеп келгенде олардың жүйкесін жұқартып, тым титықтатып жіберуі мүмкін. Қоғам белсендісі ашушаң әйелдердің көбеюін смартфонмен байланыстырады.

ЕРСЕЙІТ ӘЛІМ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: «Дені сау адам өзін қауіп-қатерге итермелемейді. Бір уақытша ғана ауру деп алайықшы. Бұдан адам шұқшиып бір ақпаратты қарап ешқандай оқып та, тоқып та жатқанымыз шамалы. Мен шынымен телефоннан оқып ғалым болып кеткен адамды естіген жоқпын».

Байқап қарасақ телефонға бесіктен белі шықпаған балақайлар да жармасады. Психологтың айтуынша бұл індет оқушыларды да айналып өтпепті.

БАЛАБАЕК САҚТАҒАНОВ, ПСИХОЛОГ «13 жасар бала телефоннан басын ала алмағандықтан фобиялық жағдайлар болған. Әр түрлі оның бойында Фобиялық сезімдер пайда болған. Ол бала мысалы өрмекшіден қорқатын болған. Сол баламен жұмыс жасаған кезде бұл баланың шынайы өмірден вертуалды өмірге өтіп кетіп, фобия пайда болған».

Әрине қазіргі өмірімізді смартфонсыз елестету мүмкін емес. Жұрттың әлеуметтік желіге де бірнеше рет кірмейінше көңілі көншімейтіні тағы бар. Телефонға көп телміретіндерін елордалықтар да жасырмайды. «24 сағаттың 10 сағаты кетеді». «күніне 15 сағат кетеді». «Көөп»

Мамандар мұндай әлеуметтік ахуал қоғамға, ұрпақ келешегіне орасан зор зиян тигізетінін айтады. Сондықтан ата-аналар өздерін де баласын да фаббинг ауруынан сақтағаны жөн. Ең бастысы күнді сәтті жоспарлап, ұтымды пайдаланған жөн дейді.

Первый канал Евразия

Exit mobile version