Site icon KAZAKBOL

Ферғанада әйел 8 айлық баласын сатпақ болған

иллюстративное фото Фото: pixabay.com

Ферғана облысында 8 айлық сәбиін 10 мың долларға сатпақ болған әйел ұсталды. Ол бұл ақшаға пәтер сатып алмақ болған.

Бұл жөнінде Ферғана ішкі істер басқармасы хабарлады.

Тергеу мәліметінше, массаж кабинетінде жұмыс істеп, сонда тұратын әйел кішкентай сәбиін сатып, сол ақшаға пәтер сатып алмақшы болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әйелді ақшаны алып жатқан жерінде ұстаған.

Күдікті әрекетіне өкінетінін білдірген. Қазір тергеу ісі жүріп жатыр.

Источник

Exit mobile version