Site icon KAZAKBOL

Ферғаналық оқушының өліміне ата-анасы мұғалімді айыптады

Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында оныншы сынып оқушысы Миржамол Закировтің әкесі баласының өліміне әскери дайындық мұғалімі Мирвохид Мардоновты айыптады. Марқұмның сыныптастары Закировті сабақта мұғалім ұрғанын растаған.

26 қарашада қайтыс болған баланың әкесі прокуратураға шағымданған. Ферғана облысының құқыққорғау органдары оныншы сынып оқушысының өліміне қатысты ауданда тергеу қарсаңындағы тексеру жүргізілгенін хабарлады. Бірақ марқұмның әкесі мектеп басшылығы мен жергілікті прокуратура істі жауып тастауға талпынып жатыр деп есептейді.

Закиров оқыған мектептің директоры Сирожиддин Кучкаровтың айтуынша, ол сабақты жақсы оқыған. «Біздің мектепте бұл оқиға болған уақытта мен біліктілікті көтеру дәрісінде едім. Қайтып келіп, қызметтік тексеру жүргіздім. Әскери дайындық мұғалімі Мардановпен де сөйлестім. Ол сол күні сабаққа келмеген бірнеше баланы жазалағанын, бірақ оқушыларды аса қатты ұрмағанын айтты», — деді мектеп директоры.

«Қатты соққыдан Миржамол екі бүктетіліп, дем ала алмай қалды. Ертесіне ол сабаққа келмеді», — деді марқұмның сыныптастарының бірі.

Миржамолдың әкесі Дилшод Мадрахимов баласы сол күні мектептеп ауырып келгенін айтты. «Мұғалім баламның кеуде тұсынан қатты ұрған. Мектептен түсте келіп, есінен танып қалды. Мен оны аудандық ауруханаға жеткіздім. Дәрігер баланың өліп кеткенін айтты. Мен прокуратураға шағымданып, мұғалімді жауапқа тартуын талап еттім», — деді марқұмның әкесі.

Мектеп директоры Сирожиддин Кучкаровтың айтуынша, әскери дайындық мұғалімі Мардонов мектепте жұмыс істеп жүр.

centralasian.org

Exit mobile version