Site icon KAZAKBOL

«Фигураны мощный» қылатын балмұздақ сатып тұрған әйел желіде жұлдыз болды

Әлеуметтік желіде балмұздақты шебер жарнамалап тұрған сатушы әйел жұлдыз болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Балмұздақ. Давлениені точный қылады, фигураны мощный қылады. Өзі қыздай, жесең мұздай. Ұстасаң қатты, жесең тәтті», — деп жұртты өзіне қаратып тұрған сатушы әйел талайдың көңілін көтерген сыңайлы.

Мұны көрген желі қолданушылары сатушыны маркетингтің шебері атап, жарыса пікір қалдыруда.

Желі қолданушыларының дені «сатушы ер бала ма, әлде келіншек пе» деп сауал тастаған. Ал оған жауап берген өзге тұрғындар балмұздақты Алматының Алтын орда базарында келіншек сатып тұрғанын жазған.

Exit mobile version