Site icon KAZAKBOL

Француз консорциумы Өзбекстанда жаңа жылу электр станциясын салады

Өзбекстан энергетика министрлігінің хабарлауынша, Électricité de France (EDF), Nebras Power және Sojitz корпорациялары Сырдария облысында жылу электр станциясы құрылысына арналған тендерде жеңіске жетті.

Power-eng.com мәліметінше, EDF (Франция), Nebras (Катар) және Sojitz (Жапония) компаниялары «Өзбекстан ұлттық электр желілері» акционерлік қоғамымен жаңа электр станциясын салу жөнінде 25 жылдық келісім-шартқа отырды.

Газ турбиналарымен жұмыс істейтін электр станциясының қуаты — 1200–1600 МВт. Бұрынғы электр станцияларына қарағанда екі есе пайдалы. Көмір қышқыл газын аз бөледі. Жаңа электр станциясы табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Өзбекстан үкіметі Сұрқандария облысы Ангор ауданынан жаңа станцияға 150 га жер бөлді.

Станция 2024 жылдың аяғында іске қосылады деп жоспарланған.

Өзбекстан үкіметі елдегі энергетика дағдарысы кезінде сынға ұшырады. Биыл елді мекендерде электр жарығы жиі сөніп қалып жатыр. Билік энергетика дағдарысын Өзбекстанда су ресурсының тапшылығымен түсіндірген.

Источник

Exit mobile version