Site icon KAZAKBOL

Гүлістан қаласының судьясы парамен ұсталды

Здание суда города Гулистон. Архивное фото

Тәжікстанда Гүлістан қаласының судьясы Әзізжон Шарифзода пара алды деген күдікпен ұсталды.

Қаржы полициясының өкілдері судьяның ұсталғаны туралы мәліметке қатысты пікір білдірмеді. Күдіктінің туыстары да БАҚ өкілдерімен сөйлеспеді.

Озоди радиосы дереккөздерінің мәліметінше, судья Шарифзода 6 желтоқсанда жұмыс орнында «бір мың доллар пара алу кезінде» ұсталды.

«Банкноттарға көзге көрінбейтін сұйықтық жағылған, ультракүлгін жарықты түсіргенде ақша бетінде «пара» деген сөзді оқуға болады. Әзізжон Шарифзоданы ұстаған уақытта оның қолында осы сұйықтықтың ізі қалған», — дейді дереккөз.

Әзізжон Шарифзода Гүлістан қаласының судьясы қызметіне 2020 жылғы ақпанда тағайындалған. Бұның алдында ол Соғды облысы Бобожон Гафуров ауданының судьясы қызметін атқарған.

Источник

Exit mobile version