Site icon KAZAKBOL

Gazeta.uz сайты президент мерзімі жайлы мақаладан кейін «троллдар шабуылына» тап болды

Gazeta.uz тәуелсіз басылымы Өзбекстанның конституциялық реформалары жайлы екі бірдей мақаласын алып тастауға мәжбүр болған. Редакцияның айтуынша, мақала шыққаннан кейін «троллдар шабуылына» тап болған.

25 маусымда жарық көрген мақалада Конституцияға президент мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарту ұсынылғаны айтылған.

«Назар аударыңыздар! Gazeta.uz сайты мақалаға байланысты троллдар шабуылына тап болды. Пікірлердің бәрі бір IP-адрестен тарап жатыр. Редакция фейк пікірлерді жарияламауға құқылы», — деп жазылған хабарламада.

«Өзбекстанға қазіргі президент Ш. Мирзияев секілді мықты басшы керек» деп жазылған пікірлердің көбінде.

Источник

Exit mobile version