Site icon KAZAKBOL

Генерал Курилла: тікұшақтар тәліптерге емес, Тәжікстанға беріледі

Иллюстративное фото

АҚШ Кабулда билікке «Талибан» қозғалысы келгеннен бері елден қашқан ауған әскерлері Тәжікстанға тастап кеткен тікұшақтарды Душанбеге беруге ниеттеніп жатыр.

Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылық басшысы Майкл Курилла мәлімдеді.

«Былтыр тамызда ауған әскерилері тастап кеткен тікұшақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін Тәжікстанның Қарулы күштеріне ризашылығымызды білдіреміз. Тәліптердің осыған дейінгі бірнеше рет қорқытуларына қарамастан, ұшақтар қайтарылмайды, өйткені олар тәліптерге тиесілі емес. Біз бұл ұшақтарды тәжік үкіметіне береміз деп отырмыз. Бірақ қашан екенін айта алмаймын, қазір қарастырылып жатыр», – деген Курилла.

Өткен аптада Душанбеге барған Майкл Курилла тәжік президенті Эмомали Рахмонмен кездесіп, АҚШ пен Тәжікстан арасындағы келісімдерді, әскери және қауіпсіздік саласы бойынша әріптестік мәселелерін талқылаған.

Мамыр айында АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм Вашингтон мен Душанбе Ауғанстаннан Тәжікстанға келген әскери әуетехниканың тағдыры жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізген.

Былтыр тамызда «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін ауған әскері Тәжікстанға 18, Өзбекстанға 46 ұшақ және тікұшақтармен қашқан.

Содан бері «Талибан» жетекшілері Тәжікстан мен Өзбекстаннан ұшақтарды қайтаруды талап етіп келген.

Источник

Exit mobile version