Site icon KAZAKBOL

Германиядағы Гейдельберг университетіндегі атыста бір адам оққа ұшты

Германиядағы Гейдельберг университетінде болған атыстан бір адам қаза тапты, үш адам жараланды. Адамдарға оқ атқан медицина факультетінің студенті өзін атып өлтірді. Бұл туралы Мангейм қаласының полициясы хабарлады.

Шабуылдаушының жеке өміріне қатысты мәліметтер жарияланбады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның саяси немесе діни мотиві болмаған. Қылмыскердің бірнеше қаруы болған. Шабуылды жалғыз өзі жасаған.

Полиция азаматтардан қылмыс болған ауданды айналып өтуін, жедел жәрдем мен құтқарушыларға кедергі келтірмеуін сұрады.

Гейдельберг университеті — қазіргі Германия аумағындағы ең көне білім ордасы.Times Higher Education рейтингінде бұл университет әлемде 42-орында тұр.

Источник

Exit mobile version