Site icon KAZAKBOL

Грузия президенті: Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазиядан кетуге тиіс

Ресей өзін республика деп жариялап алған Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан кетуге тиіс. Грузия президенті Саломе Зурабишвили осылай деп мәлімдеді. Оның ойынша, Ресей Украинадағы соғыста жеңіліске ұшырап жатыр. Соғыс аяқталған соң, украин ғана емес, грузин жерін де қайтарып беруге тиіс.

Зурабишвилидің сөзінен Bloomberg агенттігі үзінді келтірді.

«Іс жүзінде Ресей барлық жағынан жеңілді. Грузин мәселесі де келіссөз үстелінде көтерілуі керек. Ресей өз шекарасын мойындауы қажет» деді ол.

Грузия басшысы Батыс қауымдастығын Ресей президенті Владимир Путиннен әскерін Украинаның әлем мойындаған аумағынан әкетуді талап етуге шақырды. «Әйтпесе Батыс 2008 және 2014 жылдардағыдай тағы қатеге ұрынуы ықтимал» деді президент.

Источник

Exit mobile version