Site icon KAZAKBOL

Грузияның үкіметтік емес ұйымдары биліктен Ресеймен визасыз режимді алып тастауды талап етіп жатыр

Грузияның жиырмаға жуық үкіметтік емес ұйымы Ресеймен визасыз режимді алып тастауды талап етіп, үндеу жариялады.

Үндеу авторлары Ресейден келіп жатқан шектен тыс туристер елге қауіпті екенін, сонымен бірге батыс санкцияларынан қашқан кәсіпкерлер Грузияға қоныс аударып жатқанын мәлімдеген.

Ресми мәліметке қарағанда, наурыз айы мен шілде айы аралығында 350 мың ресейлік Грузияға көшіп келген. Олар Тбилиси мен Батумиден төрт мыңға жуық пәтер сатып алған, 6,5 мың кәсіпорын ашқан. 14 мыңға жуық адам Грузияда тұрға ыхтиярхат алған.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері ресейліктердің жаппай экспансиясы Грузия тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп дабыл қағады.

Үндеу авторлары Мәскеу ресейліктердің көбін пайдаланып, әскерін кіргізуі мүмкін дейді.

Билік басындағы «Грузин арманы» партиясының жетекшісі Ираклия Гарибашвили ресейліктердің жаппай келуінен ешқандай қауіп көрмейтінін жеткізді. Ол керісінше елде туризм өсіп, мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр, бұл кедейшілікпен күресуге көмектеседі деді.

Источник

Exit mobile version