Site icon KAZAKBOL

Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Алты адам қаза тапты

На месте крушения вертолета Ми-8 в Хабаровске

Хабаровскіде сәрсенбі күні Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, «Восток» әуе компаниясының ұшағы оқу-жаттығуға шығып, қала шетіндегі жазықтыққа қону кезінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ жерге құлаған уақытта жанған, оның қалдықтары бір шақырым радиусқа шашылып қалған.

Қылмыстық іс қозғалды. Тікұшақтың апатқа ұшырауына қолайсыз ауа райы — тұман, техникалық ақау немесе ұшқыш қателігі себеп болуы мүмкін. ​Құлаған Ми-8 тікұшағының екі «қара жәшігі» де табылды.

12 сәуірде Хабаровск өңірінде аза тұту күні жарияланды.

centralasian.org

Exit mobile version