Site icon KAZAKBOL

Хабибула Абдукадыр ірі инвестор атанды

Орталық Азияда заңсыз жүк тасу империясын құруды деп айтылатын кәсіпкер Хабибулла Абдукадырға қатысы бар компаниялар Бішкектегі ірі мейрамхана және мешіт салатыны белгілі болды.

10 наурызда президент Садыр Жапаров Орто-Сай ауылындағы ірі мешіттің және Бішкектегі бұрынғы «Нарын» мейрамханасының орнына салынатын бизнес-орталықтың құрылысын бастау шарасына қатысты.

Бішкектің қақ ортасындағы «Нарын» мейрамханасының орнына бес жұлдызды қонақ үй, бизнес-орталық және тұрғын үй кешенінен тұратын көп қабатты ғимарат және 20 мың адамдық мешіт салынатыны белгілі болды.

Президенттің баспасөз қызметі Бішкектегі жобаны ЖШС Feb group филиалы, Hyper Partners, ARIYA, Core Architecture және Gurgoli құрылыс компаниясы іске асыратынын айтып, олардың иесі кім екенін ашық айтқан емес. Орто-Сайдағы мешіттті шетелдік инвесторлар салады деген мәліметпен шектелген.

11 наурызда қырғыз президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне қытайлық кәсіпкер Хабибулла Абдукадыр жөнінде пікір білдіріп, инвестор деп атады.

Жапаров аталған екі құрылысты салып жатқан инвесторлар арасында Абдукадыр да бар екенін растады.

Источник

Exit mobile version