Site icon KAZAKBOL

Халықты уағыз арқылы мақта теруге шығарған имамдар бар шындықты жайып салды

Уағыз айтушы имам. Фото: centralasian.org

Өзбекстанда Әндіжан облысының әкімі жиналыста аудан имамдарына тұрғындарды мақта теруге уағыз арқылы шығаруды тапсырған деп хабарлайды Centralasian.org.

Азаттықтың өзбек қызметінің дереккөзіне қарағанда, жиналыста мақта теріміне халықты жұмылдыру мәселесі қаралыпты. Онда имамдарға 10-15 адамнан тұратын топ құруды тапсырған.

Аты-жөнін айтпауды сұраған имамның бірі соңғы жылдары мақта терімі кезінде әкімшіліктен тапсырма келетіні әдепкі жағдайға арналғанын айтты. Тек былтыр Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болған кезде ғана имамдарға «тиіспеген».

Әлеуметтік желіні қолданушылар Өзбекстанның басқа аймақтарында да биліктің халықты мақта теруге шығару үшін имамды пайдаланатынын айтып жатыр.

Exit mobile version