Site icon KAZAKBOL

Хассан әл-Тавади: Катарда футбол стадионын салу кезінде жүздеген жұмысшы қайтыс болды

Катарда футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін арнайы салынған стадионның құрылысы кезінде 500 жұмысшы қаза тапты. Осылай деп елдің жоғары лауазымды шенеунігі Хассан әл-Тавади мәлімдеді.

Эмират билігі мұндай санды бірінші рет айтып отыр. Бұл осыған дейінгі айтылған саннан әлдеқайда көп. Бұл мәліметті әл-Тавади британдық журналист Пирс Морганға берген сұқбатында айтқан. Associated Press басылымының жазуынша, сұқбат арнайы дайындықсыз, аяқ астынан алынған.

Хассан әл-Тавади Катардың футболдан әлем чемпионаты-2022 өткізу бойынша Жоғарғы комитетінің бас хатшысы қызметін атқарады.

Осының алдында Amnesty International стадионды салу кезінде кемінде 6-15 мың жұмыс мигранты қаза болғанын хабарлаған.

Бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Катарды адам құқықтарын бұзғаны үшін сынға алған. Құрылысқа 200 млрд доллар жұмсалған.

Источник

Exit mobile version