Site icon KAZAKBOL

Хорогта халиф Мұзаффар Давлатмиров бес жылға сотталды

Тәжікстанда Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Хорог қаласы «Тирчид» ықшам ауданының халифі Мұзаффар Давлатмировты «экстремизге үндегені үшін» бес жылға сотталды.

Сотталушының туыстарының айтуынша, 58 жастағы Давлатмиров 26 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің Таулы Бадахшандағы басқармасына әңгімелесуге шақыртылған.

Автономиялы облыс соты үкімге қатысты мәлімет беруден бас тартты. Халифтің туыстары сот үкімін әділетсіз деп есептейді.

«Ол уағыздарында тұрғындарды тыныштық сақтауға шақырды, бірақ биліктің заңсыз әрекеттерін сынап жүрді. Алайда күш құрылымдарына оның әділет үшін күресі ұнамады, оның үстіне Давлатмировты тұрғындар да, аймақтың бейресми жетекшілері де сыйлайтын», — дейді халифтің жақындарының бірі.

Халиф – исмаилиттердің діни қызметкері, тұрғындар оған түрлі мәселелермен жүгінеді.

Озоди радиосы дереккөзінің пікірінше, Мұзаффар Давлатмировтың қудалауға ұшырауын оның аймақтағы бейресми жетекшілер Мамадбокир Мамадбокиров, Зоир Раджабов және Хурсанд Мазориевтің жаназасын шығаруымен байланыстырды. Бұлардың бәрі тәжік билігінің Хорогта мамыр-маусым айларындағы арнайы операциясы кезінде өлтірілді.

Биыл мамыр айында Хорог қаласы мен Рушан ауданындағы оқиғалар кезінде ондаған адам қаза болды, 200-ден астам ереуілші ұсталды. Тәжікстанның ресми билігі наразылыққа шыққандарды ұйымдасқын қылмыстық топ өкілдері деп сипаттап, олар күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсетті деп мәлімдеді. Жергілікті тұрғындар болса өз құқығын қорғау мақсатында көшеге шыққандардың қолында қару болмағанын айтып отыр.

Источник

Exit mobile version