Site icon KAZAKBOL

ІІМ: Денис Теннің өліміне қатысты ісі бойынша бір күдікті ұсталды

Қазақстанның ішкі істер минстрлігі 20 шілдеде мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша бір күдікті ұсталғанын хабарлады.»Күдіктілердің бірі ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Екіншісі іздестіріліп жатыр», — делінген ІІМ хабарламасында.

Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың мәлімдеуінше, қамауға алынған күдікті Нұралы Дәулетбекұлы Қиясов адвокат қатысқан тергеу кезінде кінәсін мойындаған.

Алматыда өткен баспасөз конференциясында прокурор «1994 жылы Жамбыл облысында туған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы кінәсін мойындап түсінік берді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды» деді.

БАҚ мәліметі бойынша, полиция «кісі өлтіру» қылмысы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Денис Тенмен қоштасу рәсімі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында таңертең өтеді. Оны Дружба қыстағындағы зиратқа жерлейді.

Денис Тен — Сочидегі Олимпиада ойындарының қол жүлдегері, әлем чемпионаттарының күміс және қола медаль иегері. Ол 25 жаста қаза тапты. Тен өзінің қатысуымен мұз шоуына продюсерлік еткен.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне орай көңіл айтты.

centralasian.org

Все новости по теме смотрите здесь.

Exit mobile version