Site icon KAZAKBOL

ІІМ Ресейде қазақ азаматтарының қатысуымен болған төбелеске түсініктеме берді (видео)

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Ресейде Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған төбелеске түсініктеме берді деп хабарлайды «Қазинформ» агенттігі.

«Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видео 22 қарашада Ресейдің Амур облысында, газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында орын алған. Жаппай төбелеске Тәжікстан азаматтары мен біздің отандастарымыз қатысқан», — деді аталған мекеменің ресми өкілі Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, жағдай жергілікті құқық қорғау органдарымен бірге тексеріліп жатыр, кінәлілер анықталған.

Ресейлік БАҚ 22 қарашада Амур газ өңдеу зауытында жұмысшылардың жаппай төбелесі болды деп хабарлаған. Онда қырғыз және қазақ жұмысшыларының өзара төбелескені жайында айтылған.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кикілжіңге тұрмыстық жағдай себеп болған. Төбелеске қатысқан бір адам жансақтау бөліміне түскен. Әлеуметтік желілерде төбелестің видеосы тарап кетті.

centralasian.org

Exit mobile version