Site icon KAZAKBOL

iPhone 7 смартфонын қасына алып ұйықтаған әйел оңбай күйіп қалды (фото)

Қолы күйіп қалған келіншек. Фото: life.ru

Австралия тұрғыны Мелани Тан Пелаес қуат көзіне жалғанған телефонын қасына қойып, ұйықтап қалған. Ал таңертең тұрғанда қолының қатты күйіп қалғанын байқаған деп хабарлайды reactor.inform.kz.

Дәрігерлер күйік шалудың екінші деңгейін белгілеген. Абырой болғанда аяғы ауыр әйелдің құрсағындағы шаранаға зақым келмеген.

Осы оқиғадан кейін келіншек ​iPhone 7  смартфонын жергілікті Apple Store орталығына апарған. Бірақ дүкендегілер телефонның қызбағанын айтқан.

Десе де смартфонды Купертиноға сараптамаға жөнелтіп, Пелаевске жаңасын ұсыныпты.

Exit mobile version