Site icon KAZAKBOL

Иран Ресейге дрондар тасымалдағанын мойындады

Иран Ресейге әскери дрондар тасымалдағанын алғаш рет мойындады, алайда оларды Украинада соғыс басталмай тұрып бергенін айтты. Бұл жөнінде Reuters агенттігі жазды.

Иран сыртқы істер министрі Хоссейн Абдоллахиян дрондардың шағын бөлігі Ресейдің Украинаға басқыншылығы басталмай тұрып бірнеше ай бұрын жеткізілгенін айтты.

Абдоллахиянның айтуынша, егер Ресейдің Иран дрондарын Украинадағы соғыста пайдаланғаны дәлелденсе, Тегеран бұл мәселеге «бейжай қалмайды». Оның айтуынша, Иран мен Украина арасында сондай айғақтарды көрсету бойынша келісім бар.

Источник

Exit mobile version