Site icon KAZAKBOL

Иранда аятолла Хаменеидің немере қарындасы қамауға алынды

Иранның рухани көсемі әрі жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің немере қарындасы, құқық қорғаушы Фариде Морадхани Иран билігімен барлық қатынасты үзуді сұрап, әлемдік қауымдастыққа үндеу тастаған соң қамауға алынды. Бұл жөнінде Морадханидің ағасына сілтеп, CNN телеарнасы мен Reuters агенттігі хабарлады.

Францияда тұратын Махмұд Морадханидің сөзінше, ол әпкесінің алдын ала жазылған видеосын 23 қарашада жариялаған.

«Азат адамдар, бізге көмектесіңіздер, балаларды да өлтіріп жатқан бұл қанды режимге қолдау көрсетуді тоқтату жөнінде үкіметтеріңізге айтыңыздар. Бұл режим өзінің діни принциптерінің бірін де сақтамайды, ешқандай заңды да, ережені де білмейді, өз билігін сақтап қалу үшін күш қолдануды ғана біледі», — дейді Морадхани. Оның сөзінше, Иран халқы қазіргі билікті қолдайтындарды жек көреді. Морадхани демократиялық елдерді Ирандағы өкілдіктерін шақырып алып, Тегеранмен жұмыс істеспеуге шақырған.

Үндеудің қашан жазылғаны белгісіз.

Фариде мен Махмұд Морадхани — биыл қазан айында өлген діндар оппозиционер Әли Техранидің балалары. Әли Технари аятолла Хаменеидің қарындасының күйеуі.

Exit mobile version