Site icon KAZAKBOL

Иранда мешітте оқ атқан тәжік азаматы екені айтылды

Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында Шах-Черах кесенесіне оң атқан Тәжікстан азаматы болған. Бұл жөнінде Иранның ресми ақпарат агенттігі хабарлады.

Оқиға 26 қазанда болған. Шах Черах күмбезінің жанында кешкі намаз оқылып жатқан кезде, белгісіз адам оқ атқан. Нәтижесінде 13 адам қаза тауып, 27-сі жараланған.

Бұл оқиға үшін «Ислам мемлекеті» террористік тобы жауапкершілікті өзіне алған. Associated Press агенттігі билік бұл үшін митингке қатысушыларды айыптағанын хабарлаған.

ИРНА агенттігі 7 қарашада мавзолейде оқ атқан содыр Тәжікстаннан шыққан «Абу Аиша» лақап атымен таныма болған Субхон Комрони екені анықталғанын мәлімдеген. Ол жарақатынан ауруханада қаза тапқан.

Иранның барлау министрлігінің мәліметі бойынша, мешітте оқ атуға қатысы бар деген күдікпен 26 адам ұсталған. Олардың арасында Әзербайжан, Тәжікстан және Ауғанстан азаматтары бар.

22 жастағы студент қыз 16 қыркүйекте Тегеранда хиджапты дұрыс кимеді деген айыппен әдеп полициясы тарапынан қамалып, келесі күні азаптаудан көз жұмғаннан кейін Иранда жаппай наразылық акциясы басталған.

Источник

Exit mobile version