Site icon KAZAKBOL

Иранда наразылыққа қатысушылардың бірі өлім жазасына кесілді

Иранда үкіметке қарсы жаппай наразылық акциясына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген 11 адамның алғашқысы – белсенді Мохсен Шекари дарға асылды. Бұл туралы BBC хабарлады.

Осыған дейін Иранның Революциялық соты Шекари «Құдайға қарсы қастандық жасағанын» мәлімдеп, оны күш қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған «қарулы әрекеттерге» қатысты деп тапқан.

Иранда наразылық акциясы екі ай бұрын басталды. 13 қыркүйекте Тегеранның Адеп-ахлак полициясы көшеде хиджабсыз жүрді деген айыппен 22 жастағы студент Махса Аминиді ұстап әкеткен. Ол үш күннен кейін ауруханада көз жұмған. Полиция қыз жүрегі ұстап қайтыс болғанын, бірақ куәлер оның қатты азапталғанын айтқан.

Осыған байланысты наразылық елдің кемінде 80 қаласында тұтанды. Демонстранттар арасында ел лидері, аятолла Али Хаменеиге қарсы «Диктаторға өлім!» деп ұрандатқандар көп болды.

Иран билігі наразылықты басу үшін ұстлғандарға қатал жаза тағайындап, бірнеше адамды өлім жазасына кесті. АҚШ бастаған батыс елдері және бірқатар халықаралық ұйымдар митингке шыққандарға қарсы үкімді қатал айыптады.

Норвегияда орналасқан ирандықтардың құқығын қорғау ақпарат агенттігі (Human Rights Activists News Agency – HRANA) соңғы Ирандағы қарсылықтардың құрбаны 470-ке жеткенін мәлімдеді. Оның 64-і жас бала.

Источник

Exit mobile version