Site icon KAZAKBOL

Иркутск: мигранттар арасындағы төбелестен кейін 10 адам ұсталды

Иркутск полициясы Ковыктинск газ кенішінде істеген қырғызстандық және тәжікстандық мигранттар арасында 23 маусымда болған төбелестен кейін он адам ұсталғанын хабарлады.

Бұл туралы Озоди радиосы Иркутскідегі тәжік диаспорасына сілтеме жасап мәлімдеді. Жергілікті БАҚ тоғыз адам жараланып, жиырмаға жуығы ұсталғанын хабарлаған. Куәгерлердің сөзінше, төбелес асханада кезек күтіп тұрған кезде шыққан.

Осыған дейін Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қырғызстанның Ресейдегі елшілігі жарақат алған бес адаммен байланысқан. Олардың бірі ауруханаға жатқызылған.

Ресейде Орталық Азиядан барған мигранттар арасында өзара төбелес жиі болады.

3 маусымда Санкт-Петербург қаласында қырғызстандық және тәжікстандық мигранттар арасында төбелес болған. Қырғызстанның бір адамы ауруханаға жеткізілген. Полиция бас қырғыз азаматын ұстап, үшеуін тергеу аяқталғанша, ешқайда шықпау жөнінде қолхат алып жіберген. Полиция «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған.

Источник

Exit mobile version