Site icon KAZAKBOL

Исфара билігі тұрғындардың балаларын әскерге жіберуді талап етіп, мешітті жапқан

Тәжікстанның Исфара қаласына жақын орналасқан Найман ауылындағы мешіт жабылды. Бұл мәліметті ауыл жамағаты басшысы Рофиджон Рауфов растады.

Оның сөзінше, жергілікті билік имам-хатибпен тұрғындардан әскер жасындағы балаларын армияға жіберуді талап етіп, болмаса мешітті жабатынын ескерткен.

«Бұл ауылдың әскер жасындағы балалардың дені Ресейде жұмыс істейді. Билік ата-анасы арқылы оларды еліне шақырып, армияға жібергеннен кейін ғана мешітке еркін бара алатынын айтты», — деді Рауфов.

Өткен айда Пенжикент қаласы мен Рашт ауданында да ата-аналарға балаларын әскерге жіберуді талап етіп, жергілікті мешіттерді жапқаны хабарланған.

Тәжік билігі соңғы жылдары өз қалауымен әскерге балып жатқандар қатары көбейіп келеді десе, керісінше қоғам белсенділері жастарды мәжбүрлеп әскерге тартып жатыр дейді.

Источник

Exit mobile version