Site icon KAZAKBOL

Ішіңдегі екі қасқырға үлкен мән бер!

фото pixabay.com

Еш уақытта ашуға бой алдырма. 100 пайызға әсер ететін кеңес!
Мынадай бір тәмсіл әңгіме бар: Бір дана қария немересіне айтып отыр дейді, біздің әрқайсымыздың ішімізде екі қасқыр өмір сүреді- ақ және қара. Қарасы-ол ыза, кектену, ашулану, қаһарлану, күншілді, ал ағы-жаны ашығыштық, мейрімділік, нәзіктік, махаббат. Және осы екі қасқыр ішімізде үнемі төбелесуде «Сонда қайсысы жеңеді?» деп сұрапты немересі.. «Кімді тамақтандырып, асырасаң, сол жеңеді»-депті атасы.
Бізге біреу айғайласа, оған солай жауап бергіміз келеді. Бірақ, одан ешкімге жақсы болмайды. Өзіңнің және бөтеннің ашу, ызасынан қалай құтылуға болады?
Ешуақытта ашу ызаға жол бермеудің үш жолы бар. Оны әркімнің білгені жөн!

1.Ашу ызаны тұншықтыру- жақсы шешім емес. Көбінесе ұрыс-талас кезінде өз эмоцияңды (жан толғанысыңды) іштей басып, шыдауға тырысамыз. Ал жылдар бойы тұншығып келген ашу, ыза ағзаңды талқандап, әр түрлі ауруға ұшыратады. Мидың эмоцияға (жан толғанысыңа) жауапты бөлігі шектен шыға жұмыс істей бастайды. Адам осы жағдайын ішке сақтағанда айналадағылары көрмеуі де мүмкін, бірақ,олар ара-қатынастарына сызат түскенін жақсы сезінеді.

2.Ашу, ызаға ерік бермеу керек.
Өз қарсыласыңа ашу, ызаңды төккен кезде, көкірегіңе тығылған ашу- ызанның өсуіне себепші боласың. Бұл дұрыс емес. Бірақ, ол керемет жұмыс істейді. Мидың қуаттылығы шектеулі, оған жол бергенде пайдасыз ойға, ыңғайсыз жағдайға ойын шоғырландыра алмайды. Сенің бетіңе қарап, долданғанда өзіңді басқа жаққа ойыңды бұру, әрине қиын. Егер мақсат қойып және оны жете түсінсең, бұлай болуы шындыққа жанасады. Ашу.ызаңды одан бетер шашпа, саған одан бетер қиын болды.

3. Мүмкіндікті асыра бағалау. Мынадай жағдайды көз алдыңа елестетші: Сенің алдыңда әлгі адам шектен шыға долданып тұр. Сенің де оған солай жауап бермек түгіл, одан да зорын көрсеткің келеді .Егер саған ол адамның кеше анасынан айрылғаны туралы естісең ше? Немесе, ол кеше басынан қайғылы жағдайды өткергенін, әйелімен ажырасып, балаларды көру құқығанан айрылса ше? Бұл жағдайда әрине, сенің әсерің басқа болар еді. Ашу, ызаң басылып, жүрегіңе жақын алмай, мүмкін жаның ашыр еді.
Бұл жерде не өзгерді? Ештеңе! Бірақ, алдыңғы жағдай сенің көзқарасыңды өзгертті. Бұл мүмкіндікті асыра бағалау жағдайындағы әдістің мәні. Өзіңе жай ғана : «Бүгін оған қиын күн,оған менің қатысым қанша» де.
Бұл кездегі ең терең және ұтымды әрекетің, бірақ қиын қадамың, кешірім болып табылады. Кешіру сенің қарсыласыңа қарағанда саған маңызды. Біреуге ашу, ыза ұстау деген ол өзің у ішіп алып, өзге біреу өледі деп ойлау.
Ашу сезімінің сенің өміріңды талқандауға жол берме! Жаман ойдан өзіңді арылта отырып, өз өміріңе ауру мен нашар көңіл күйдің енуіне кедергі жасайсың.
Өз достарыңа осы жазылғанды көрсет- шын мәнісінде бұны әркімнің білгені абзал!

Рабига Сыргабаева

Exit mobile version