Site icon KAZAKBOL

Ішімдікке сылқия тойған дәрігер өз науқасын зорлап тастаған

Көрнекі фото: ahpn-onlktg-18h4.squarespace.com

Ресейдің Ижевск қаласында науқасты емдеу барысында зорлаған деген күдікпен аурухана дәрігері ұсталған деп хабарлайды news.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Келіншектің жағдайына кері әсер етеді деген себеппен істің мән-жайын ашып айтпады.

Ал біраз уақыт бұрын «Комсомольская правда» Ижевсктің 32 жастағы тұрғыны аурухана отоларингологы өзін зорлады деп айыптағанын жазған.

Олардың сөзінше, келіншек миндалин алдырып, біраз күннен соң өзін жайсыз сезіне бастаған. Бірнеше күннен соң 53 жастсғы дәрігер оны қосымша қабылдауға шақырған.

Ақ халаттының кабинетінен ішімдіктің иісі шығып тұрыпты. Сәлден соң дәрігер науқасқа да алкоголь ішуді ұсынған екен.

Артынша ақ халатты келіншектің қарсылығына қарамастан, оны тексеріп, зорлап тастаған. Ал науқас отадан кейінгі әлсіздігіне байланысты қарсы тұра алмаған көрінеді.

Exit mobile version