Site icon KAZAKBOL

«Истиклол» капитаны Тәжікстанның үздік футболшысы атанды

Душанбелік «Истиклол» футбол командасының капитаны, 28 жастағы Әлішер Жалилов 2021 жылдың үздік ойыншысы деп танылды.

«Истиклол» футбол командасын ІІМ қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы, Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомалидің досы Шохрух Саидзода басқарады.

Әлішер Жалилов осымен екінші мәрте «Үздік ойыншы» атанып отыр. Футболшы 2019 жылы да осы номинацияда жеңіске жеткен.

Өзбекстанның «Навбахор» командасында өнер көрсететін Эхсони Панджшанбе «Тәжікстанның шетелдегі үздік ойыншысы» атанды.

«Хатлон» клубының шабуылшысы Лайло Халимова «Үздік футболшы қыз» сыйлығына ие болды. Лайло биыл 67 гол соққан.

Источник

Exit mobile version