Site icon KAZAKBOL

Израиль компаниясы Өзбекстанда 46 млн доллар тұратын құс фабрикасын салады

Израильдік Levia Group компаниясы Өзбекстанның Әндіжан облысынан жылына 14 мың тонна құс етін шығаратын фабрика салмақшы.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, биыл мамыр айында Израиль кәсіпкерлері Әндіжан облысына барған. Сапар барысында Levia Group компаниясы фабрика салатын жер учаскесін қараған.

Келіссөз қорытындысы бойынша, Levia Group пен «Өзбекозиковкатхолдинг» компаниясы бірлескен кәсіпорын құратын болып шешкен. Құрылыс құны 46 млн доллар тұрады.

centralasian.org

Exit mobile version