Site icon KAZAKBOL

Израиль мен ХАМАС оқ атуды тоқтату жөнінде келісімге келді

Ракетный обстрел Израиля из сектора Газа, 19 мая 2021 года

Израильдің министрлер кабинеті Газа секторына оқ атуды тоқтату жөнінде келісімге келді. Бұл туралы израиль басылымдары жазды.

Бейсенбі күні бірқатар араб ақпарат құралдары Израиль египеттік араағайындарға оқ атуды тоқтату ниеті барын айтқаны жөнінде жазған. Олардың мәліметіне қарағанда, ХАМАС қозғалысы да 21 мамырдан бастап Израильді атқылауды тоқтатуға дайын екенін жеткізген.

Ливан басылымдары ХАМАС-тағы дереккөзіне сүйеніп, мұндай келісім АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлескеннен кейін мүмкін болғанын хабарлаған.

Расталмаған мәліметке сәйкес, Египет ұзақ мерзімге бітімге келу жағдайына жеткізу үшін израиль және палестин өкілдерін кездестіруге ниеттеніп жатыр.

Бейсенбі күні кешкісін оқ атуды тоқтату туралы хабарлар тарап жатқан кезде, Газа секторынан Израильге зымырандар атқылағаны жайында хабарланды.

Дәрігерлер мәліметінше, Газа секторында 10 мамырдан бері 228 адам қаза тапқан. Израиль тарап 12 кісі өлгенін мәлімдеді.

Источник

Exit mobile version