Site icon KAZAKBOL

Израильде сот реформасына қарсы митингке 500 мыңдай адам шықты

Израильде сот реформасына қарсы өтіп жатқан митингдерге қатысқандар саны 500 мыңға жетті. Бұл сегіз миллионға жуық халқы бар өлкенің тарихындағы ең ірі наразылық акциясы болып қалды.

Беньямин Нетаньяхун үкіметі ұсынып жатқан сот реформасына қатысты жаппай қарсылық акциялары басталғанына дерлік 10 апта болды. Ұсынылған реформаға сәйкес, Жоғарғы соттың судьяларын іс жүзінде парламенттік көпшілік таңдайды. Өз кезегінде сот үкімет шешімдерін жою құқығынан айырылады. Митингке шыққан азаматтар бұл соттардың тәуелсіздігін толық жоғалтуға алып келетінін айтады.

Былтыр желтоқсанда Израильдің премьер-министрі болып таңдалған Биньямин Нетаньяху акцияға шыққандардың мақсаты – өзін қызметтен кетіру деп есептейді. Өзінің саяси мансабында алтыншы рет премьер-министр болып сайланып келген Нетаньяхуға қарсы коррупция бойынша үш бірдей қылмыстық іс қозғалған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Источник

Exit mobile version