Site icon KAZAKBOL

Израильде тыңшылық бағдарлама дайындаушылардың кеңсесі тінтілді

Израильдің арнайы қызметі NSO Group компаниясының кеңсесін тінтіді. Коммерциялық Pegasus тыңшылық бағдарламаларын осы компания дайындаған.

Компания кеңсесі тінтілгені туралы мәліметті Израильдің қорғаныс министрлігі таратты.

Бұның алдында Forbidden Stories ұйымы мен бірнеше ақпарат құралы израильдік компанияның тыңшылық бағдарламаларын журналистер мен жоғары лауазымды шенеуніктердің ізіне түсу үшін пайдаланғанын хабарлаған. Олардың арасында Франция президенті Эммануэль Макрон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бар делінеді.

NSO Group арнайы қызмет тінтігенін растап, тексеруге қарсы еместігін мәлімдеді. Компания баспасөздің Pegasus бағдарламасын журналистер мен шенеуніктердің ізіне түсу үшін қолданғаны туралы мәліметтерін жоққа шығарды. NSO Group бағдарлама террористермен күресуге арналған деп отыр.

Pegasus ұялы телефондарды бұзып, электронды хаттарды, қоңырауларды және хабарламаларды жазып алады.

Источник

Exit mobile version